Kolesa Group-тың 30 жылдығына орай арнайы жоба
© 2026 Колеса АҚ
2022
Жаңа өнімдер мен форматтар
Риелторлық нарықтың сапасын арттыру мақсатында 2022 жылы Krisha.kz «Крыша Агенттері» жобасын іске қосты.
Крыша Агенттері
Бұл — Krisha.kz-тің тексерілген әрі арнайы оқытылған серіктестері арқылы пәтерді қауіпсіз сатып алу немесе сату жолы. Қазіргі уақытта сервисте 400-ден астам агент жұмыс істейді
Екінші ауқымды бастама — «Kolesa.kz көліктері» офлайн-жобасының жолға қойылуы еді.
Kolesa.kz көліктері
Көліктерді өз нүктелеріміз арқылы сатып алу мен сату жұмыстарын ұйымдастырдық. 2021 жылғы жартылай өткізгіштер дағдарысынан кейін нарықта кейінге қалдырылған сұраныс қалыптасты: жаңа көліктер тапшы болғандықтан, сатып алушылардың назары мінілген (екінші қолдағы) автокөліктерге ауды
Market.kz платформасы Kaspi.kz экожүйесіне біріктіріліп, «Kaspi.kz-тегі Хабарландырулар» болып өзгерді
2023
Акционерлік қоғам мәртебесі және жаңа CEO
Компания тарихындағы жаңа кезең — Kolesa Group Қазақстанның өнімдік IT-компаниялары арасында бірінші болып акционерлік қоғам мәртебесін алды.
Kaspi.kz компанияның мажоритарлық акционері атанды. АҚ мәртебесін алумен бірге компания алдында жаңа міндеттер туындады: жаңа бизнес-үлгілерді дамыту, қоғам үшін барынша ашық әрі жария болу.
Дмитрий Ботанов — жаңа CEO
2014 жылы компанияға Krisha.kz бағыты бойынша product-менеджер лауазымына келді
2024
Қазақстанның IT-нарығындағы ықпалды бизнес-өкілі
Жаңа бизнес-модельдерді іске қостық — Kolesa Plus және Krisha Plus жазылымдары
Бүкіл әлемде мінілген көліктер негізінен автосалондар арқылы сатылады және сатып алынады. Соңғы жылдары Қазақстанда да автосалондар мен екінші қолдағы көліктерді кәсіби түрде сатушылардың саны артты. Олардың сауда мен бизнесті басқаруын жеңілдету үшін Kolesa Plus жазылымы пайда болды.
Krisha Plus сервисі де жылжымайтын мүлік нарығының кәсіпқойлары үшін дәл сол мақсатта әзірленді.
«Kolesa.kz көліктері» офлайн-жобасы Алматы, Астана және Шымкент сияқты үш қалаға кеңейтілді.
Top of Mind зерттеуінің нәтижесі бойынша компания Қазақстандағы № 1 IT-бренд атанды
Сондай-ақ Kazakhstan Growth Forum нұсқасы бойынша елдегі ең инновациялық 2 компанияның қатарына енді
2025
Жаңа сервистер және жетінші кеңсенің ашылуы
Бұрын компания жылына бір ғана өнімді іске қосса, кейінгі жылдары бірден 2-3 бизнес-модельді нарыққа шығаратын болды.
2025 жылы әр өнімнің аясында бір-бірден ірі жаңа сервис пайда болды.
Kolesa.kz-тегі Көлік тарихы
Автокөлік нарығын барынша ашық ету үшін Kolesa.kz «Көлік тарихы» сервисін іске қосты. Ол көліктерді мемлекеттік және халықаралық дерекқорлар арқылы тексереді, сондай-ақ көліктің болжамды бағасын анықтап береді
Krisha.kz-тегі Онлайн-брондау
Онлайн-брондау — пәтерлерді тәулікке жалға алуға арналған сервис. Біз қауіпсіздікке ерекше мән бердік: сервис күнтізбе арқылы қажетті күнге пәтер таңдап, оның ақысын тікелей қолданба ішінде қауіпсіз төлеуге мүмкіндік береді. Барлық пәтерлер бейне-тексерістен өтеді, ал үй иелерінің жеке басы расталады
Avtoelon.uz сайтындағы ресми дилерлер
2024 жылы Өзбекстан нарығына Қытайдың ірі автодилерлері шығып, жаңа автокөліктер нарығы дами бастады. Осыған орай Avtoelon.uz дилерлер үшін тиімді маркетингтік құралға айналған B2B-бағытын — «Ресми дилерлер» бөлімін іске қосты
Командалар да қарқынды түрде кеңейіп жатты — 2025 жылдың маусымында қызметкерлер саны 550 адамға жетті, соған байланысты компанияның жалпы есеппен жетінші, ал Алматыдағы бесінші кеңсесі ашылды.
Біздің кеңселер — әлемдік деңгейдегі жұмыс кеңістігі
2022 – 2025
Қаз