Kolesa Group-тың 30 жылдығына орай арнайы жоба
© 2026 Колеса АҚ
2015
Газетпен қоштасу мен жаңа кезеңге өту
2015 жылғы 1 қаңтарда  «Колёса» және «Крыша» газеттері жабылды. Ол кезде олардың таралымы 35 000-нан 3 000 данаға дейін құлдыраған еді.
Компания цифрлық шешімдерді дамытуға ден қойды
Барлық өнімдердің мобильді қосымшалары мен сайттарының мобильді нұсқалары пайда болды
Көп қызметкер қайта даярлаудан өтіп, компанияда қызметін жалғастыра алды
2016
Өзгерістерді күтпей-ақ, IT-нарықты дамыта бастадық
Компания толығымен IT саласына ауысты, бірақ бұл бағыт ол кезде жаңа ғана дами бастаған еді. Газеттер жабылғаннан кейін Kolesa Group назарын мобильді қосымшаларды дамытуға аударуды жөн көрді.
Бұл үшін білікті әзірлеушілер тобы қажет болды, алайда нарықта мұндай кадрлар тапшы еді, олардың орташа жұмыс тәжірибесі 3 айдан 8 айға дейінгі кезеңді ғана қамтитын.
Қажетті мамандардың пайда болуын күтіп отырмай, IT-нарыққа өздері ықпал етуді және мықты IT-қоғамдастық қалыптастыруды жөн көрді.
Митаптар өткізуді, оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруды қолға алып, IT саласына қадам басқысы келетіндер үшін Kolesa Academy тағылымдама жобасын бастады
Тәуекелдері толық ақталды: 2026 жылға қарай 8 түрлі бағытта 31 рет Kolesa Academy ұйымдастырылды
2017
Data-driven әдісі
Әлемдік IT алыптары бұл уақытта Big Data технологиясын қолданып, жасанды интеллект құралдарын дамыта бастаған болатын. Компания болашақтың деректерге тиесілі екенін айқын ұғынды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып аналитика бөлімін құрды, кейіннен ол елдегі ең мықты бөлімдердің біріне айналды
Ол кезде командада 5 адам болса, қазір олардың саны 50-ге жетті
Сол жылы Kolesa.kz ТМД-да алғашқы болып автокөліктерді онлайн несиелеу сервисін іске қосты. Ол автонесие бойынша шешімді тікелей қосымшаның ішінде небәрі 1 минутта алуға мүмкіндік береді
2018
Өзбекстандағы алғашқы ЖИ-құрал және өнім
Kolesa.kz өнімі үшін хабарландыруларды автомодерациялау жүйесін іске қосты, бұл — компаниядағы алғашқы ЖИ-құрал болды
Платформаларға күн сайын 80-90 мың хабарландыру түсетін және олардың әрқайсысы қолмен тексерілетін. Адам бір хабарландыруға 7 минут жұмсаса, ЖИ-модератор оны небәрі бір секундта тексеретін болды. Енді модерация бөлімі хабарландыруларды жай ғана тексеріп қоймай, жасанды интеллектіні үйретумен айналыса бастады
2018 жылғы 6 желтоқсанда  Өзбекстанға арналған Avtoelon.uz автоклассифайды іске қосылды. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде ол елдегі мінілген (екінші қолданыстағы) жеңіл көліктер нарығында бірінші орынға шықты.
Ташкентте алғашқы кенсе ашылды
2015 – 2018
Қаз