Алғашқы Kolesa Conf және Krisha.kz-тегі «Жаңа құрылыстар»
Даму — компаниямыздың басты құндылықтарының бірі, сондықтан біз IT-қоғамдастықта өзара тәжірибе мен білім алмасатын алаңға айналуды жөн көрдік.
Қазақстанның IT-қоғамдастығына арналған Kolesa Conf ауқымды конференциясын ұйымдастырды
Содан бері бұл шара жыл сайын өткізіліп, 1 500-ге жуық адамның басын қосып келеді
Krisha.kz-те жаңа бөлім іске қосылды:
Жаңа құрылыстар
Құрылыс компаниялары жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді тікелей платформада сата бастады, бұл Krisha.kz-тің бастапқы жылжымайтын мүлік нарығындағы позициясын нығайта түсті.
2020
Карантин және Covid-19
Пандемия компанияның дамуындағы күрделі, бірақ өте маңызды кезеңге айналды. Біз қашықтан жұмыс істеу форматына тез бейімделіп, қызметкерлерді қысқартпай, жұмысты одан әрі жалғастырдық.
Дәл осы уақытта бізге икемді әрі жылдам болуға көмектескен көптеген жаңа ішкі процестер енгізілді. Пандемияның қиындықтарына қарамастан, біз IT-нарығын белсенді дамытуды тоқтатқан жоқпыз.
Компания сарапшыларының жетекшілігімен IT мамандықтары бойынша тегін Kolesa Upgrade онлайн-курстары жолға қойылды
Олар жаңа мамандыққа өткісі келген, бірақ ақылы оқуға мүмкіндігі болмаған жандарға жол ашты. Курстарды 320 адам оқып шықты
Өз пайдаланушыларымызды тереңірек түсіну үшін зерттеу бағытын дамыта бастадық
Kolesa Group-тың UX-зерттеулер бөлімі — Қазақстандағы UX бағытының негізін қалаушылардың және оны танымал етушілердің бірі
2021
«Жаңа көліктер» бағытын іске қосу және компанияның өсімі
Компания өнімдік мәдениетті дамытып, жаңа жобаларды белсенді түрде сынақтан өткізіп, іске қоса бастады. Kolesa.kz-те мынадай жаңалықтар пайда болды:
Жаңа көліктер
Халық тарапынан жаңа көліктер туралы дәл Қазақстанға бейімделген әрі өзекті ақпаратқа сұраныс жоғары болды. Сондықтан Kolesa.kz платформасында нақты мәліметтер мен пікірлер жинақталған «Жаңа көліктер» бөлімі іске қосылды
Қосалқы бөлшектер маркетплейсі
Сонымен қатар, адамдардың қосалқы бөлшектерді еш қиындықсыз және тиімді бағамен сатып алуына көмектесу үшін қосалқы бөлшектер маркетплейсі іске қосылды. Бұл сервис екі жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді
Сондай-ақ бұл кезеңде біз IT-нарыққа инвестиция құйып, пайдалы білім беру жобаларын бастайтын компания ретінде танылдық.
Kolesa Academy түрлі бағыттар бойынша (әзірлеу, HR, QA, product management) жылына 4–5 ағымға дейін оқыта бастады. Компаниядағы бос жұмыс орындарының 30%-ға жуығы осы тағылымдама түлектері есебінен жабылып отырды